Танымал суретшіден шеберлік сабағы

Бүгін кітапханамыздың креативті шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен "ART-STUDIO" жастар жобасы аясында кезекті оқыту сабақтарын өткізді. Бұл жолы көркемсурет колледжінің 1 курс студенттері және қаламыздың сурет салуға құштар жастары, павлодарлық суретші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Евгений Фридлин кескіндеме бойынша шеберлік сағатын тыңдады.

Шеберлік сабақ барысында келушілер суретшінің жеміс-жидек пен гүл шоғырынан тұратын натюрмортты майлы бояумен салу техникасымен танысты. Екі сағаттан астам уақыт аралығында жастар суретшіге өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.