«Тәуелсіздік сабақтары» мақаласын талқылау

Ұлттық мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында кітапхана ұжымында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тәуелсіздік сабақтары» атты мақаласы талқыланды. Мақала Қазақстан жолының негізін құрайтын, Тәуелсіздік алу жолындағы тарихи кезеңдер, сондай-ақ 90-шы жылдардың басында Қазақстан бетпе-бет келген қиындықтар егжей-тегжейлі баяндалған, егемен Қазақстанның қалыптасу жолы нақты сипатталған басты негіз қалаушы қағидаттарға қажетті экскурсия береді.