«Театр. Театр. Театр»

Оқу залындағы «Театр. Театр. Театр» алаңы жұмыс жасады. Шараның мақсаты – театрланған қойылымдар арқылы оқырмандарды орыс және шетел әдебиеттерін оқуға тарту, көркем және әдеби шығармашылықты дамыту. Оқырмандардың назарларына кітап патшалығына арналған театрланған қойылым ұсынылды.

Белсенді оқырмандардың бірі Төлеутемір Айзада қазақ ақындары Ахмет Байтұрсынов және Оспанхан Әубәкіровтің сатираларын оқыды. Көрермендер оның актерлік шеберлігін жоғары бағалады.