РФ Ульяновск облыстық ғылыми кітапханасымен халықаралық онлайн кітапханалық телекөпірі

31 қазанда С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана шет елдердің кітапханаларымен серіктестік қарым-қатынас аясында облыстық мемлекеттік мәдениет мекемесі РФ «В.И.Ленин атындағы Ульяновск облыстық ғылыми кітапханасымен» халықаралық онлайн кітапханалық телекөпір ұйымдастырылды. Онлайн-кездесудің мақсаты - қызықты жобалар мен идеяларды әзірлеу және жүзеге асыруда тәжірибе алмасу.

Шараға Ульяновск және Павлодар облыстарының өңірлік және муниципалды кітапханаларының қызметкерлері қатысты.

Телекөпір басында қатысушыларға Павлодар және Ульяновск облыстық әмбебап ғылыми кітапханаларының жұмысы туралы бейнесюжеттер көрсетілді.

Кездесу Қазақстан мен Ресей кітапханалары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін өте пайдалы әрі қызықты болды.