Бұқар жыраудың 355 жылдығына арналған «Көмейінен жыр тамған» атты телекөпір

19 маусымда Түркістан облысы «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы Бұқар жырау Қалқаманұлының 355 жылдығына орай «Көмейінен жыр тамған» атты телекөпірін ұйымдастырды. Кездесуге С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың басшысы Шолпан Шахметова, Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының директор орынбасары Жанар Аманжолова, Павлодар облысы Бұқар жырау атындағы музей басшысының орынбасары Ботакөз Сағынбек қатысты. Шара модераторы - ҚР Мәдениет майталманы, Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының бұқаралық көрмелер іс-шара секторының меңгерушісі Пернекүл Налтаева.

С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапхана тарапынан оқу залының кітапханашысы Гүлбаршын Жайсаңғалиева «Қазақтың ұлы жырауы» атты кітап көрмесіне шолу жасап, облыстық Бұқар жырау атындағы музей басшысының орынбасары Ботакөз Сағынбек Бұқар жырау жайлы және оның рухани мұралары туралы «Бұқар жыраудың даналық ғибратнамасы» атты баяндама жасады. Телекөпірге Павлодар және Түркістан облыстарының кітапхана қызметкерлері қатысты.