«Thinkaton» идеялар байқауы

8 желтоқсан күні облыстық кітапханада Павлодар облысының жастары арасында шығармашылық идеялар байқауы өтті. Байқау «Цифлрық Қазақстан» тақырыбын қамтыған. Жоба ұйымдастырушылары – Астана қаласындағы маркетинг және консалтинг мамандары.

Бүгінде цифрлық жүйелер қоғамдық көлік, денсаулық сақтау, мектептер, кітапханалар дүкендерде және тағы басқа салаларда дамып келеді. Қатысушылар тақырыптық 10 жобаны ортаға салып, цифрландырудың маңызын қарастырды және жаңа ғаламның алғышарты – әлеуметтік желілер, гаджеттерді қолданудың, 3Д принтерлер және бейнеқатынастың теңізер мен құрлықтарды баланыстыратырудағы маңыздылығын да айта кетті. Ең үздік идея, сұрақ, жоба авторлары бағалы сыйлыққа ие болды.