«Тіл өнері» Университетінің отырысы

16 наурыз күні облыстық кітапханада «Тіл өнері» Университетінің аясында ПМУ профессоры Муталиева Раушан Мамырқызы «М. Әуезов шығармаларының көркемдігі» атты дәріс оқыды.

Тыңдармандар – Б. Ахметов атындағы педагогикалық колледждің студенттері қазақ әдебиеті классигінің шығармашылығы жайлы көптеген қызық ақпараттар алды. Іс-шара барысында деректі фильм көрсетілді.