«Тіл өнері» университетінің отырысы

27 қыркүйекте С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Тіл өнері» университеті аясында ПМУ профессоры Раушан Мамырқызы Мүталиева қоғам және саяси қайраткері, халық жазушысы, Қазақстан еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, прозаик Шерхан Мұртаза туғанына 90 жыл толуына орай «Қазақтың Шерағасы» атты дәріс оқыды.

Ы.Алтынсарин атындағы гимназия оқушылары белгілі жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы көптеген қызықты мәліметтер алды. Шара қонақтарына «Қос қанатты қаламгер» бейнеролигі және кітап көрмесі ұсынылды.