Толеранттылық сағаты

22 қараша күні халықаралық кітап секторында халықаралық толеранаттылық күніне орай дәріс сағаты өтті. Дәріскер – Дэн Дюонг – Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің оқытушысы. Дәріс барысында қатысушылар қазіргі қоғамдағы толеранттылықтың түрлі көріністері туралы айтып, өзара түсіністіктің мән-мағынасын жіті талқылады. Іс-шараға кітапхана оқырмандары мен студенттер қатысты.