Павлодар облысының мәдениет және өнер қызметкерлерін салтанатты құттықтау

25 мамырда Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесін атап өту іс-шараларының қорытындысы ретінде Павлодар облысының мәдениет және өнер қызметкерлеріне салтанатты құрмет көрсетілді.

2021 жылдың мерейгер-мәдениет мекемелері қызмет жылдарындағы жетістіктер көрмесін ұйымдастырды, оның ішінде биылғы жылы өзінің 125 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқан С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана Павлодар өңірінің бас кітапханасының фотоқұжаттар мен мұрағат материалдарындағы даму кезеңдерін, кітапхана қорларының алғашқы кітап куәліктерін, баспа қызметін, әр жылдардағы кітапханаға келушілердің фото шежіресін көрсетті.

Аталмыш көрменің «Кітапхана тарихы: құжаттар мен суреттер» атты бөлімінде С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасының фото шежіресін бейнелейтін материалдар ұсынылды.

«Призвание – библиотека/Кітапхана - менің кәсібім» бөлімі кітапхананың алдыңғы директорларына: Бурилов Иосиф Дмитриевичке, Шаманина Любовь Захаровнаға, Лямзина Людмила Семеновнаға, Грезина Лидия Максимовнаға, Жиенбаева Майя Абрахманқызына арналды. Олар облыстық кітапхана тарихының бір бөлігіне айналған сыйлы тұлғалар. Олардың әрқайсысы алғашқы қадамдарын осы бір киелі орында жасады, өзінің еңбек жолын қатардағы кітапханашыдан бастап, осы жерден өзінің кәсіби қызметін тапты, сүйікті ісіне көп күш пен қуат жұмсады, жылдар өткен соң жауапты және құрметті лауазымға - облыстық кітапхана басшысы қызметіне көтерілді.

«Алғашқы кітап коллекциялары» бөлімі - кітап қорының мақтанышы - ондаған жылдар бойы қалыптасқан бірегей топтамалардан: XIX ғасырдың аяғы – XX ғасырдың ортасындағы басылымдар, қазақ баспасөзі, Қазақстан туралы кітаптар, факсимильді және репринттік басылымдар, миниатюралар, қолтаңба, 3000-нан асатын сақталған бірліктерден тұрады.

«Кітапхана және жазушы» бөліміндегі белгілі ғылым, өнер және әдебиет қайраткерлерінің қолтаңбасы бар кітаптар тарихи құндылыққа ие. Қолтаңба жинағы көптеген жылдар бойы жиналды. Облыстық кітапхананың жазушылары мен ақындарының арасында ерекше достық қарым-қатынас болды, олардың атынан кітаптар, қолтаңбалар және хат-хабарлар сыйға тартылды.

«Оқиғалар. Кездесулер. Іссапарлар» бөлімі - танымал жазушылар, ақындар, қоғам және саяси қайраткерлердің кітапханаға жасаған сапарларының фотосуреттерін қамтыды.

«Кітапхана басылымдары» бөлімінде «Павлодар облысының ғалымдары», «Павлодар облысының суретшілері», «Павлодар Ертіс өңірінің ақындары мен жыраулары» және т. б. жолсілтемелер, тақырыптық, библиографиялық көрсеткіштер ұсынылды.

Кітапханашылардың еңбегі Құрмет грамоталарын, Павлодар облысы әкімінің Алғыс хатын, қаржылай сертификаттар табыстаумен өз мәресіне жетті.