«Жанды кітапхана» жобасы аясындағы үшінші кездесу

31 Мамырда С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада жастар шығармашылық орталығы «Жанды кітапхана» жобасы аясында кезекті, үшінші кездесу ұйымдастырды.

Бұл стереотиптер мен алалаушылықтармен күресуге бағытталған жоба. Кітаптар ретінде әртүрлі жастағы, кәсіптердегі, қауымдастықтардағы, өмір салтындағы және әлеуметтік мәртебедегі адамдар.  Олардың әрқайсысының өзіндік тарихы бар.

Бұл жолы қатысушы тыңдаушыларға үш «кітапты» «оқу» ұсынылды. Оларды «оқуға» жасөспірімдер, жастар және аға буын өкілдері келді - барлығы «кітаптардың» арасынан өздері үшін жақын және қызықты нәрселерді таба алды.

Алғашқы «кітап» - Серік Сыздықов – музыкант, педагог, Павлодар қаласының «Музыкалық кешен» ММ басшысы. Ол музыкаға деген құштарлығы неден басталғаны туралы айтып, бала кезінен естеліктерімен бөлісті, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді. Серік Сыздықовпен кездесу жылы әрі өзара пайдалы болды.

Тағы бір қызықты «кітап» - кәсіпкер, «Лосось N1», «American Dream pizza» және «Burger Zone» желісінің негізін қалаушы Денис Манафов болды. Ол кездесуге қатысушылармен өзінің білімі мен тәжірибесімен бөлісті. Ол кез-келген, тіпті ең кішкентай бизнесте қалай жетістікке жетуге болатындығы туралы айтты, сонымен қатар ол қонақтарға жұмыстан тыс хоббиі туралы айтты.

Әділ Шаймұрат - тату-артист, заманауи өнер суретшісі, «zqbs.wear» киім брендінің қалаушысы. Ол татуировка өнерінің қыр-сыры туралы, өзінің киім бренді туралы айтып, жастардың көптеген сұрақтарына жауап беріп, тәжірибесімен бөлісті.

Іс-шара «кітаптарда» да, «оқырмандарда» да жағымды әсер қалдырды, барлығы осындай ерекше форматта жаңа кездесулер тіледі.