«Туған өлкемнің табиғаты - Природа родного края» экологиялық лекторийі

15 наурызда «Зеленая планета» экологиялық лекторийінің алдағы Наурыз мейрамы мен Табиғат күніне (Жайлау күні) арналған «Туған өлкемнің табиғаты» атты тақырыпта кезекті отырысы өтті. Онлайн-кездесу Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің жоғары сынып оқушыларына өткізілді. Павлодар педагогикалық университетінің оқытушылары, ППУ-нің жаратылыстану жоғары мектебінің биология магистрлері, Б.Ж. Баймурзина және К.М. Турсыханов оқушылардың назарына Павлодар Ертіс өңірінде өсетін өсімдіктер мен олардың пайдалы қасиеттері және біздің өңірдің Қызыл кітапқа енген жануарлары туралы мазмұнды баяндамалар дайындады. Ал Павлодар Музыкалық колледжінің оқытушысы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияның түлегі М.К.Тулев виртуалды көрермендерін домбырада ойнау шеберлігімен қуантты.