«Сатурн кубогы 2.0» робототехника турнирі

24-інші сәуір күні «Maker Space» алаңында «Saturn» робототехника мектебі мен «Павлодар дарыны» жұмыспен қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен бірлесіп робототехника турнирін өткізді.

Турнир «робот жасау» санаты бойынша 7 мен 10 жас аралығындағы қатысушылар үшін үш бөліктен болды. Бірінші айналымда балалар сурет бойынша робот құрастырды. Екінші турда робот үшін кодты бағдарламалау және үшінші турда конструкторды сұрыптау қажет болды. Қатысушылар Lego WEDO 2.0 көмегімен роботтарды жасаған болатын. Жеңімпаздар сертификаттар, медальдар, кубок, түрлі сыйлықтар және осы іс-шарадан жағымды эмоцияларды алды.