«Туған елге тағзым» өлкетанулық- зерттеу экспедициясы

27 қазанда «Туған жер» бағдарламасының «Өлкетану» бағытындағы игі іс-шараларды іске асыруда ұйымдастырылған «Туған елге тағзым» өлкетанулық- зерттеу экспедициясының мүшелері С.Торайғыроа атындағы облыстық ғылыми кітапхананы аралады.

Павлодар өңірімен танысу мақсатында келген Талдықорған, Шымкент қалаларында орналасқан Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары, танымал айтыскер ақын Қ. Шармановпен Бұхар жырау мұражайының қызметкері Е.М. Қайыровпен кездесті. Оқушылар 80 жылдық тарихы бар Павлодар облысымен, жерлес ақын- жазушылармен танысты және Павлодардың Ертіс өңірінің ұлы тұлғаларының өмірі мен шығармашылығы жайлы, атақты тұлғалар мен батырлар жайлы көптеген мағлұматтар алды. Қонақтар кітапхананың барлық бөлімдерінде болып, жаңа технологиялармен танысты. Осындай танымдық экскурсия жүргізген кітапхана қызметкерлеріне ризашылықтарын білдірді.