«Туған жердің дауысы» атты әдеби-музыкалық поэзия кеші

10 қыркүйек күні облыстық кітапхана Павлодар ауданының ОКЖ бірлесіп «Тұлға. Кітап. Заман» атты жобаның аясында «Туған жердің дауысы» атты әдеби-музыкалық поэзия кеш өткізіді. 
Кеште Павлодар ауданының жергілікті ақындарының туған жерге деген сүйіспеншіліктері және адалдықтары жырланған өлеңдері мен үзінділері айтылды. Авторлардың өздері оқыған шығармалар туған Ертіс өңірінің тарихын баяндайды. Әдеби кеш барысында П. Пучектің музыкасына жазылған «Павлодар ауданы», «Туған ауылым» әндері орындалды. Аудан тұрғындарының шығармалары ұсынылған «Туған жердің даусы» кітап көрмесі қонақтардың назарын тартты. 
Шығармашылық кештің нәтижесі ретінде «Туған жердің дауысы» әдеби жинағы басылып шығарылды. Оған талантты аудан тұрғындарының шығармалары енді. «Олар жүректе туған шырақтар сияқты жылуын әкеліп, кіші Отанымызды мадақтап, жырлайды» – кештің қадірлі қонағы, ақын, журналист, публицист және әдебиеттанушы Ольга Николаевна Григорьева іс-шараға дәл осындай баға берді.
Шараға Павлодар Ертіс өңірінің ақындары мен жазушылары, ОКЖ кітапханашылары, студенттер, оқырмандар қатысты.