«Пою мой край родной» павлодарлық ақындардың шығармашылық кездесуі

30 қараша күні «Истоки» әдеби-музыкалық клубы«Пою мой край родной» атты павлодарлық ақындармен шығармашылық кездесуін өткізді. Іс-шара барысында Марина Каримованың «Здесь родилась моя душа» атты кітабының тұсаукесері өтті. Марина Кәримованың жинағына аңыз-ертегілерге негізделген өлеңдер ғана емес, автордың Қазақстанның ең көрікті жерлерінің бірі Баянауыл таулары туралы, өмір, махаббат және табиғат туралы аңыздар да енгізілген. Жаңа кітапты педагог, ақын, журналист Елена Вайберт таныстырды. Атаулы шараға зиялы қауым өкілдері, Б.Ахметов атындағы педагогикалық колледж студенттері мен ИнЕУ –нің студенттері қатысты.