«Асыл сөздің жыршысы» атты шығармашылық кеші

23 қыркүйек күні С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «KitapTime-2022» фестивалі аясында қазақ өнерін, халық ауыз әдебиетін насихаттау мақсатында белгілі жыршы, Абайтанушы, қоғам қайраткері, фольклоршы  Даниял Әсеновпен «Асыл сөздің жаршысы» атты шығармашылық кеш өтті.  Отыз жылдан аса Даниял Әсенов Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мәшһүр Жүсіп, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын зерттеп, кеңінен насихаттаумен айналысып келеді, сонымен қатар  халық ауыз әдебиетін насихаттаумен де айналысады, Қыз Жібек, Қалқаман-Мамыр, Еңлік-Кебек, Батыр-Баян, Қобыланды батыр эпостарын жатқа біледі. Жыршы қазақтың құнды шығармаларын оқып, жастарға қазақ халқының мәдени мұрасын сақтау туралы нұсқаулар берді.