Павлодарлық фантаст - жазушы Наталья Антареспен шығармашылық кездесу

23 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Ұлттық академиялық кітапхананың бастамасымен «KitapTime – 2022» республикалық фестивалі ұйымдастырылды. Фестиваль аясында облыстық кітапханада павлодарлық фантаст Наталья Антареспен «Берега мечты» атты шығармашылық кездесу өтті.

Іс-шараға машина жасау колледжінің студенттері мен №11 мектеп оқушылары қатысып, жазушының шығармашылығымен танысты, белсенді түрде сұрақтар қойды. Автор өз өлеңдерін оқыды.