«Осень жизни, как и осень года…» атты шығармашылық кездесу

9 қараша күні облыстық кітапханада «Истоки» әдеби-музыкалық клубы павлодарлық ақындармен «Осень жизни, как и осень года…» атты шығармашылық кездесу өткізді. Кеш қонақтары Наталья Млынцеваның, Елена Вайберт, Наталья Борисовскийдің, Лидия Медованың, Александра Гаммердің және т.б. жергілкті ақындардың шығармашылығынан өлеңдерін тыңдады. «Долголетие» орталығының мүшелері танымал ақындардың өлеңдерін оқып, белсенділік танытты.

Іс-шараға Павлодар қаласының зиялы қауым өкілдері, ППУ-нің Қанапиянов атындағы жоғарғы колледж студенттері, кітапхана қонақтары қатысты.