«Времена года в поэзии Павла Васильева и современных Павлодарских поэтов» шығармашылық кеші

23 желтоқсан күні облыстық кітапханада «Времена года в поэзии Павла Васильева и Павлодарских авторов» атты шығармашылық кеш өтті.

Іс-шараға Павлодарлық ақындар мен жазушылар, Ольга Николаевна Григорьева, Павел Василев музейінің қызметкері Татьяна Сергеевна Корешкова, Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің студенттері, кітапхананың белсенді оқырмандары қатысты. №9 мектеп-гимназиясының оқушылары Галина Знайдановнаның басшылығымен П.Васильевтің өлеңдерін оқыды. Қатысушыларға павлодарлық жазушылар мен ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұсынылды. Сонымен қатар қонақтар музейге өздерінің сыйлықтарын табыстады.