«Всё это было…» шығармашылық кездесу

19 қазанда «Кітапхана түні -2023» әлеуметтік –мәдени акциясы аясында павлодарлық ақын Людмила Бевзмен «Всё это было...» атты шығармашылық кездесуі өтті.

Кеш қонақтары Константин Симоновтың, павлодарлық бардтардың орындауындағы әндер мен Павлодар Ертіс өңірі ақындарының өлеңдерін тыңдады.

Іс-шараға зиялы қауым өкілдері мен студенттер қатысты.