«ЛИМОНЫ ЖЕЛТЫЕ» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КАЛЕЙДОСКОПЫ

18 қаңтарда Әлем әдебиеті залында жастардың кітап оқу мәдениетін арттыруға бағытталған «ЛИТЕ-FRESH» кітапханасының жаңа жобасының тұсауы кесілді. Жоба аясындағы бірінші шара - швед жазушыларының кітаптары негізінде жасалған «Лимоны желтые» шығармашылық калейдоскопы.

Дарынды балаларға арналған №8 лицейдің оқушылары осы сұлу Скандинавия елінің тарихымен, мәдениетімен және әдет-ғұрыптарымен танысты. Олар «Швеция - полный обзор» бейнеролигін көріп, «Моя книга интереснее» әдеби ойынына қатысты, әр қатысушы  швед әдебиетінің бір кітабына қызықты шолу жасап, оқыған кітабынан ең негізгі үзінді оқып, интрига тудырды.

Ең көп оқитын және тапқыр ойыншылар сыйлықтармен марапатталды. Іс-шара балалардың шынайы қызығушылығын тудырып, осы тамаша кітаптарды оқуға деген құлшынысы артты.