Виктор Цойды еске алуға арналған шығармашылық кеш облыстық кітапхананың Киноклубында өтті

17 маусым күні креативті шығармашылық орталығында киноклубтың кезекті отырысына жиналды. Бұл жолғы отырыс «Кино» рок-тобының негізін қалаушы, әрі көшбасшысы Виктор Цойға арналды. Оның «Группа крови», «Звезда по имени солнце» - атты әндеріне бүкіл бір ұрпақ өсті. В.Цой өмірден өткеннен кейін де 30 жылдан астам уақыт өтсе де, оның музыкасы ел аузында. Әнші шығармашылығының жанкүйерлері әлі күнге дейін бұл әндерді орындап келеді. Бір қызығы, В.Цойдың шығармалары уақытқа бағынбайды, оның музыкасы бүгінгі күнге дейін оның концерттеріне барып көзін көргендердің арасында да, қазіргі жастар арасында да өте танымал.

Киноклуб мүшелері мен кеш қонақтары В. Цой өмірбаянының қызықты сәттерін еске түсіріп, оның танымал туындыларын шырқады. Кеш «Мои друзья» музыкалық бейнероликтің көрсетілімінен басталды. Бұл музыканттың 1981 жылы 19 жасында жазған алғашқы әндерінің бірі еді.

Кеш аясында қаланың рок-музыканттарының орындауында «Кино» тобының визиттік карточкалары атанған - «Восьмиклассница», «Звезда по имени солнце», «Кукушка» сияқты әндері шырқалды.

Ал музыканттар болса Виктор Робертовичтің шығармашылығына қатысты ойларымен бөлісті. Көрермендер танымал әндерге қосылып ән айтып отырды. Кеш барсында «Кино» тобының әндері жанды дауыста орындалды. Қонақтарға Виктор Цойдың өмірі мен шығармашылығына арналған презентациялар көрсетіліп, топ пен оның көшбасшысы туралы кітап көрмесі, сондай-ақ музыканттың қатысуымен түсірілген музыкалық бейнежазбалар мен фильмдерден үзінділер көрсетілді.

Кеш соңында қатысушылар мен көрермендер Виктор Цой бейнесімен муралға шығып, естелікке ортақ фото суретке түсті. Қонақтар өз тарапынан ұйымдастырушыларға кеш үшін алғыстарын білдіріп, финалдық әнді бірге орындады.