«Тұғыры биік қазақ биі» оқырман конференциясы

4 мамырда қазаққа аты әйгілі би-шешен, жерлесіміз Торайғыр би Едігеұлының 250 жылдығына арналған «Тұғыры биік қазақ биі» атты оқырман конференциясы өтті.

Аталған оқырман конференциясына Торайғыров унверситетінің қазақ тілі және журналистика кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Серік Елікбаев, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Ержан Торайғыров, Павлодар педагогикалық университетінің тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Замзагүл Сабданбекова және ақын, журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Павлодар қаласының және Тереңкөл ауданының Құрметті азаматы Шолпан Байғалы сынды зиялы қауым өкілдері мен мектеп және колледж оқушылары қатысты.

Сондай-ақ, облыстық кітапхана қызметкерлері Едіге би, Шоң би және Торайғыр биге арнап «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты кітап көрмесін көпшілікке ұсынды.