«Ты и закон» атты құқықтық дәріс

21 ақпан күні облыстық кітапханада полиция майоры, ҚР ІІМ оқу орталығының оқытушысы А.Ж.Жаупованың қатысуымен Facebook әлеуметтік желісінің тікелей эфирінде «Ты и закон» тақырыбында құқықтық дәріс өткізілді.

№11 жалпы білім беретін бейіндік мектебінің 8 сынып оқушылары кәмелетке толмағандардың заңды жауапкершілігінің түрлері мен ұғымдарымен танысты. Қиын балалармен жұмыста жүргізілетін бейәлеуметтік мінез-құлықтың салдары, алдын алу шаралары қарастырылды.