«Тың игеруге – 65 жыл!» атты мерейтойлық іс-шара

23 қаңтар күні № 17 жалпы орта білім беру саралап оқытатын бейіндік мектебінде Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің 65 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шара өткізілді. Облыстық кітапхана қызметкерлері «Тың игеруге – 65 жыл» бейне-презентациясын және «Тың эпопеясына – 65 жыл» атты кітап көрмесіне шолу дайындады.