Түзетуден ескерту оңай!

30 қазан күні облыстық кітапханада «Здоровый образ жизни» клубының отырысы өтті. Клуб жұмысына Павлодар облыстық «Мөлдір» мүгедек әйелдерді әлеуметтік бейімдеу орталығы» Қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысты. Іс-шараның «Түзетуден ескерту оңай» атты тақырыбы Дүниежүзілік сүт безі обыры туралы хабардарлық күніне арналды.

Салауатты өмір салтын қолдау облыстық орталығының дәрігері К.К.Сакенов аурудың пайда болу себептері, симптомдары, алғашқы белгілері, қауіпті аурудың алдын алу шаралары туралы әңгімеледі. Сырқатты жеңу үшін тәуекел факторларын біліп, емдеуді уақытында бастау керек. Дәрігер аурудың алдын алу, салауатты өмір салтын ұстану, ісіктің пайда болуына жол бермейтін өнімдерге қатысты ұсыныстар берді. Кітапхана қызметкерлері әдебиеттерге библиографиялық шолу жасады.