"ТҰЛҒА ТУРАЛЫ ТОЛҒАНЫС" АТТЫ КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

16 наурыз күні облыстық кітапханада Баянауыл ауданының тумасы, даңқты еңбек адамы, топырақтану саласының білікті маманы, қоғам қайраткері, кеңшар директоры және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Агрохимия қызметі республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы" Солтүстік-Шығыс аймақтық филиалының басшысы лауазымдарын адал атқарған Сағынов Сейтқазы Нығметоллаұлы "Тұлға туралы толғаныс" атты кітаптың тұсаукесері өтті. Еске алу кешіне зиялы қауым өкілдері, туыстары, жолдастары, достары катысты.