«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау»

16 мамыр күні облыстық кітапхана мен Павлодар облысының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандары бірлесіп Павлодар инновациялық көпсалалы колледжінің 2 курс студенттеріне «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау» құқықтық сағатын өткізді. Белсенді әңгіме түрінде өткен дәрісте А.К. Кулагина және И.М. Ахметжанова тұтынушылардың құқықтарын, тауарларды сатып алу және сараптау бойынша дауларды реттеу мәселелерін қарастырды. Студенттер арасында «Өз құқықтарыңызды қорғаңыз» сауалнамасы өткізілді.
Дәріс Facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфирде көрсетілді.