«ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ» АТТЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ САҒАТ

27 қыркүйек күні облыстық кітапханада Павлодар облысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаменті мамандарының бастамасымен «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау» атты құқықтық сағат өткізілді. Кітапхана қызметкерлері тұтынушылардың құқықтарын, дауларды реттеу, тауарларды сатып алу мен экспертизасы бойынша мәселелермен танысты, сондай-ақ «Өз құқықтарынды қорға» тақырыбында сауалнама жүргізілді.