Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері

3 маусым күні облыстық кітапханада Zoom платформасында «Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері» тақырыбы талқыланды. Іс-шара Қазақстан Республикасының рәміздер күніне арналды.

С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың бөлім басшысы Ж.К. Қажыбаева және кітапханашы М.М. Баешева Қазақстанның экономикадағы, сыртқы саясаттағы, әлеуметтік және рухани дамудағы Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген табыстары туралы баяндады. Іс-шараға ИнЕУ-нің студенттері қатысты.