«Ұлт зиялылары ұмытылмайды» онлайн жобасы

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана «Ұлт зиялылары ұмытылмайды» деген атаумен жаңа онлайн жобаны бастады. Облыстық кітапхананың фейсбук әлеуметтік желісіндегі тікелей эфирдің алғашқы қонағы ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, сатирик, өлкетанушы Сайлау Байбосын болды. Кездесу барысында Сайлау Байбосын белгілі журналист, аудармашы, сатирик Қадыр Тайшықов, қаламгердің туған інісі, Алаштың айтулы азаматы Насыр Ноғаев туралы сөз қозғады. Сондай-ақ, Баянауыл өңірінің тумасы, жерлесіміз, репрессия құрбаны, көрнекті тұлға Рақымжан Жаманқұлов жайында көпшілік біле бермейтін деректер айтты.