«Қазақ жерінің ұлы ғалымы» атты Сәтбаев сабағы

14 қарашада С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада машина жасау колледжінің студенттеріне арналған Академик Қаныш Сәтбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Қазақ жерінің ұлы ғалымы» атты Сәтбаев сабағы өтті.

Іс-шараға Павлодар педагогикалық университетінің тарих кафедрасының оқытушысы, доценті Қанат Кинаятұлы Қанафин шақырылды.

Қонақтар «Ұлы қазақтардың құпиялары мен тағдырлары» деректі фильмінің үзінділерін тамашалады және «Ғұлама ғалым, көрнекті қайраткер» атты кітап көрмесімен танысты.