«Философ и языковед» тарихи сабағы

14 ақпанда Жоғары инновациялық көп салалы колледж студенттеріне «Философ и языковед» тақырыбында екінші тарих сабағы өтті. Жоба Қазақстан, Павлодар облысы және еліміздің тарихи тұлғаларына арналған.

Биыл көрнекті ғалым, диалектика мен диалектикалық логика теориясы бойынша қазақ философтар мектебінің негізін қалаушы, философия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, ғылым мен техника саласындағы Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Жабайхан Әбділдиннің туғанына 90 жыл толып отыр.

Қонақтардың назарына «Жабайхан Әбділдинмен диалог» бейнефильмі, әдебиеттерге библиографиялық шолу және «Философ, ұстаз, қайраткер» атты кітап көрмесі ұсынылды.