«Павлодар облысы – 85 жыл» тарихи сабағы

16 қаңтардан бастап «Тарих сабағы» атты жаңа жоба басталды. Жоба Қазақстан, Павлодар облысы және еліміздің тарихи тұлғаларына арналған.

Алғашқы тарих сабағын Дарынды балаларға арналған №3 гимназия оқушылары үшін «Павлодар облысы - 85 жыл» тақырыбында Марғұлан университетінің гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің профессоры, т.ғ.к. Аймекен Мерекеқызы Сыздыкова, Григорий Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің өлке тарихын зерттеуді қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Рүстембек Төлеутемірұлы Қалымқұлов жүргізді. Аймекен Мерекеқызы Павлодар Ертіс өңірінің қалыптасу тарихы мен тұрғындардың өмірі туралы баяндады, Рүстембек Төлеутемірұлы өлкеміздің тарихына қатысты ғылыми зерттеулерге тоқталды.

Оқушылар назарына «Тарихы терең, болашағы жарқын өлке=Край, устремленный в будущее» атты кітап көрмесі ұсынылды және әдебиеттерге шолу жасалды.