«Темірбек Жүргенов - асыл өнердің алып нары» атты тарих сабағы

22 қарашада Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына арналған «Темірбек Жүргенов – асыл өнердің алып нары» атты тарих сабағы өтті.

Ғалым, публицист, қазақ мәдениетінің білгірі, мәдени революцияның белсене қатысушысы, дарынды ұйымдастырушы, көрнекті кеңес, партия және үкімет қайраткері, терең де ауқымды білімі бар жоғары мәдениет иесі. Темірбек Жүргенов Қазақстанның көптеген мәдениет және өнер қайраткерлерінің жүрегінде өшпестей із қалдырды. Оның еңбектері мен сөйлеген сөздерінде мемлекет пен еңбеккерлердің мәдени құрылыс пен халықтың рухани өмірін терең өзгерту жолындағы орасан зор жасампаздық еңбегі шынайы әрі жарқын бейнеленген.

TÜRKSOY тұрақты кеңесінің шешімімен ұйымға мүше елдерде 2023 жыл Темірбек Жүргеновті еске алу жылы болып жарияланды.

Павлодар қаласының №5 мектеп оқушыларының назарына «Выдающийся общественный деятель Темирбек Жүргенов» бейнефильмі мен «Елі үшін туған ер» кітап көрмесі ұсынылды.