«Халық батыры» атты тарихи сабақ

3 сәуір күні №26 орта мектеп оқушыларына А.Имановтың 150 жылдығына орай «Халық батыры» атты тарих сабақ өтті. Амангелді Иманов - халық батыры, 1916 жылғы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушы, Кенесары Қасымовтың серігі әрі одақтасының Иман батырдың ұрпағы.

«Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» КАҚ Жоғары гуманитарлық ғылымдар мектебінің профессоры, п.ғ.к. Аймекен Мерекейқызы Сыздықова «Амангельды Иманов - организатор национально-освободительного восстания 1916 г» атты дәріс өткізді және оқушыларының аты аңызға айналған батыр туралы сұрақтарына жауап берді.

Қонақтар назарына «Редкий портрет Амангельды Иманова» бейнефильмі, «Батырдың биік тұлғасы» атты әдебиеттерге библиографиялық шолу және кітап көрмесі ұсынылды.