Өлкетану сабағы: «Қаныш Сәтбаев: Тұлға, Патриот, Ғалым»

6 желтоқсан күні С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Сәтбаев сабақтары» жобасы аясында «Қаныш Сәтбаев: Тұлға, Патриот, Ғалым» атты өлкетану сабағы өтті.

Филология ғылымдарының докторы, Торайғыров университетінің профессоры Тұрышев Айтмұхамет Қасымбайұлы №7 мектеп оқушыларымен кездесті.

Оқушылар еліміздегі мыс пен марганецтің орасан қорын ашушы Қаныш Сәтбаевтың өмірбаянымен және қызметімен танысты.

«Ұлт мақтанышы» атты кітап көрмесі дайындалып, онда ғалым Қ.И. Сәтбаевтың өмірі мен қызметі туралы материалдар, оның еңбектері, монографиялары, мерзімді басылым беттеріндегі мақалалары қойылды.