«Отан үшін от кешкен» ерлік сабағы

4 мамырда Қазақстан Республикасының Отан қорғау күні мен Жеңіс Күні қарсаңында С. Баязитов атындағы балалар оқу орталығында «Отан үшін от кешкен» атты сабағы өтті. Аға полковник Абай Ысқақов пен аға лейтенант Нұрсұлтан Ақашұлы әскердегі қызметі, әскери оқу орындары, жауынгерлік операциялар, әскери техника, даңқты әскери қимылдары және бүкіл ел мақтан тұтатын батырлар - С.Нұрмағамбетова, Х. Доспанова, Т.Бигелдинова, А. Молдағұлова, М. Қайырбаев туралы айтып берді.

Қонақтар Қ. Мақпалеев атындағы орта мектептің 9а және 9г сынып оқушылардың сұрақтарына жауап берді, ал Абай Манапұлы өзінің «Акростихи-2» атты жаңа кітабынан Отан мен патриотизм туралы өлеңдер оқыды. Шара соңында «Отанды қорғау - адамзаттың қасиетті борышы - Защита Отечества - священный долг гражданина» көрмесінде кітаптар мен энциклопедиялармен танысты.