«АЛЕКСАНДР ВИКТОРОВИЧ ЗАТАЕВИЧ - ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МУЗЫКАСЫНЫҢ МАЙТАЛМАНЫ» АТТЫ МУЗЫКА САБАҒЫ

18 наурыз күні кітапханада«Александр Викторович Затаевич – қазақ ұлттық музыкасының майталманы» атты музыка сабағы өтті.

Сабаққа келген студенттер қазақ мәдениетінде, опера өнерінде ерекше орны бар тұлға, Қазақ өнерінің жанашыры, этнограф-зерттеуші, Қазақстанның тұңғыш Халық әртісі Александр Затаевичтің өмірі мен музыкалық өнерімен жақынырақ танысты. Ақан сері, Біржан сал, Абай, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Тәттімбет т.б шығармаларын алғаш рет  Затаевич жарыққа шығарғаны туралы айтылды.  Қазақ халқының музыка мұрасын сақтап келген 500-ге жуық өнерпаздар – Майра Шамсудинова, Әміре Қашаубаев, Ғ.Айтбаев, Қ.Байжанов, М.Бөкейханов, Ғылым Қайраткерлері Ә.Мәрғұлан, Қ.Сатбаев, М.Бөжеев, әдебиет және өнер қайраткерлері А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, Ә.Бөкейханов, Ж.Шанин, т.б. өздері білетін ән, күйлерді Затаевичке айтып, жаздырғаны туралы мәлімет берілді.

Әншінің орындаған әндері мен шығармашылығына арналған бейнетаспасын тамашалауға мүмкіндік болды. Сабақ барысында студенттер белсенді қатысып, бірнеше сұрақтар қойып, өзара пікір алмасты.

 Музыка сабағына  Павлодар сервис және тамақтану колледжі мен Павлодар техникалық сервис колледжінің студенттері мен мұғалімдері, кітапхана оқырмандары қатысты.