«Күй атасы - Құрманғазы» атты музыка сабағы

22 ақпанда С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада қазақтың халық күйшісі, сазгер, домбырашы Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына арналған «Күй атасы - Құрманғазы» атты музыка сабағы өтті.
Торайғыров Университеттің «Орындау өнері» кафедрасының аға оқытушысы Арсен Жеңісұлы Бейсенов Құрманғазының өмірі мен шығармашылық мұрасы туралы «Ұлттық саз өнерінің жарық жұлдызы» дәріс оқыды.
Шара қонақтары дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернаты оқушыларының орындауында Құрманғазы күйлерін тыңдап, «Күй құдіреті» бейнебаянын тамашалады, «Күй өнерінің тарланбозы» кітап көрмесімен танысты.