«Памяти Бориса Ерзаковича» атты музыка сабағы

11 мамырда С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада қазақ музыкатанушы, композитор, қазақ музыкалық фольклорын жинақтаушы, қазақ музыкасы туралы шығармалардың авторы Борис Ерзаковичтің 115 жылдығына арналған «Памяти Бориса Ерзаковича» атты музыка сабағы болып өтті. Борис Ерзакович радиода сөйлеген көптеген мәдениет қайраткерлердің шығармаларын жазып алды, олар Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Елубай Өмірзақов, Қуан Лекеров т.б. Зерттеу барысында ол 2500-ге жуық ән мен күй жазып алған.

Мұзафар Әлімбаев атындағы мектеп оқушыларының назарына Борис Ерзакович туралы «Музыка Великой Степи» бейнефильмі және «Уроки Бориса Ерзаковича» атты кітап көрмесі ұсынылды. Кітапхана қонақтары дарынды балаларға арналған музыка мектебінің оқушылары Әмірхан Жанғалиев, Алема Ержігітова және Медина Темірғалидың орындауындағы музыкалық шығармаларды тамашалады. «Памяти Бориса Ерзаковича» викторинасына белсене қатысты.