«Жан алауы сөнбейтін тұлға» музыка сабағы

2 наурыз күні облыстық кітапханада қазақтың көрнекті композиторы, КСРО халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, өнерге еңбек сіңірген қайраткер Мұқан Төлебаевтың туғанына 110 жыл толуына орай «Жан алауы сөнбейтін тұлға» атты музыка сабағы болып өтті.

Мұқан Төлебаев қазақ музыкасын мәнерлілігімен, айшықтылығымен байытып, оның «Біржан мен Сара» операсы ұлттық операны әлемдік опера өнерінің жауһарларымен бір қатарға қойды.

Сабақта музыка мектебінің оқушысы Регина Якименконың шығармалары орындалып және грампластинкаға жазба тыңдалды, «Қазақ операсының жарық жұлдызы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шараға ШЖҚ КМК "Түсті металлургия жоғары колледжі" студенттері қатысты.