«Ән атасы Әмре» музыка сабағы

26 сәуірде С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада қазақ әншісі, актер, күйші Әміре Қашаубаевтың 135 жылдығына арналған «Ән атасы Әміре» атты музыка сабағы өтті. Әміренің сирек кездесетін ән өнері тыңдармандарын әннің тереңдігімен қуантты. Домбыраның сүйемелдеуімен орындалған халық әндері Париждің талғампаз өнерпаздарын баурап алды.

№17 мектеп оқушыларының назарына Әміре Қашаубаев туралы «Голос, покоривший Париж» бейнефильмі көрсетілді. Кітапхана қонақтары оның әндерін, оның ішінде винил пластинкадағы «Балқадиша» әнін және дарынды балаларға арналған музыка мектебінің оқушылары Дильназ Әлқамбек, Нұралы Сапарғалиев, Қасен Бекболатаның орындауындағы басқа да шығармаларды қызығушылықпен тыңдап, «Народный певец Амре Кашаубаев» атты викторинаға белсене қатысты.

Әншінің өмірі мен шығармашылығы туралы кітаптар қойылған «Ән атасы Әмре» кітап көрмесімен танысты: А.В.Затаевич «Қазақтың 500 ән, күйі», «Ән асқары - Әміре: Естеліктер», Ж.Шәкәрімов «Әміре», «Әнші Әміре: Әміре Қашаубаев туралы естеліктер», Ж.Шәкәрімов «Амре в Париже» және т.б.