Сәтбаев сабағы

9 наурызда С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада қазақ халқының біртуар азаматы, ғалым, академик Қ.И. Сәтбаевқа арналған «Қазақ жерінің ұлы ғалымы» тақырыбында «Сәтбаев сабағы» өтті.

ППУ тарих кафедрасының доценті Канафин Қанат Қинаятұлы «Жігер» клубының оқушыларына көрнекті ғалым–геолог, ҚазКСР Ғылым Академиясының тұңғыш Президенті, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың өмірі мен қызметі туралы айтып берді. Оқушыларға Майя Бекбаеваның Қ.И.Сәтбаевқа арналған «Ұлы қазақтардың құпиялары мен тағдырлары» деректі фильмі көрсетілді.