Ұрпақтар есінде

23 қарашада С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханаға іздестіру қозғалысының белсенді қатысушылары Жұмабек Қамзин, Рафаэль Мұхамеджанов, Салауат Темірболатұлы, Бақытжан Өтепов келді. Олар біздің облысымыздағы іздестіру қозғалысының тарихы, «Панфиловшылар» отрядының құрылуы және ұрыс даласында қаза тапқан Қазақстандықтардың есімдерін қайтару, сондай-ақ Ресей аумағында оларды мәңгі есте қалдыру жөніндегі қызметі туралы айтып берді. Ж.Қамзин іздеу қозғалысына қосқан зор үлесі үшін Санкт-Петербург адмиралдары мен генералдары қауымдастығының наградаларын облыстық кітапхана басшысы Ш.Б. Шахметоваға «Жеңістің 75 жылдығына» медалін, «Панфиловшылар» іздеу жасағының жауынгері, ақын Р. Мұхамеджановқа  Н. В. Гоголь медалін, педагог С. Хайруллинаға Л. Н. Толстой медалін тапсырды.