ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАНДАР ЖӘНЕ ЖЫР СҮЙЕР ҚАУЫМ!

Сіздерді, С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада, креативті шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен өткізілгелі жатқан  «Поэзия сәулесі» атты поэтикалық батлға шақырамыз!

 Поэтикалық батл 5512 әскери бөлімінің сарбазы Оразбай Елдос пен Бейсен Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің 2-курс студенті Тлеуберды Қарақат арасында өткізіледі.

Өңіріміздің талантты жас ақындарының шығармашылық шабытына арқау болып, сайыс барысында болатын түрлі қызықтардан құр қалмаңыздар. Креативті шығармашылық орталығы сіздерді күтеді!...