ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР

Көктемнің шуақты меркесі Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын! Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген. Наурыз мейрамы – Самарқанның көк тасы еріп, күн мен түннің теңесіп, тіршілік атаулы жанданып, табиғат қайта түлейтін шақ. Наурыз – көктемгі жаңарудың, махаббатың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі.

Ұлтымыздың мерейін асырып, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!