В. Х. Валиахметовамен кездесу

15 қазан күні облыстық кітапханада Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Сөнбесін, ана, шырағың...» атты акция аясында Венера Хучатовна Валиахметовамен кездесу өтті. Венера Хучатовнаның балалық шағы көптеген адамдардың тағдырына ұқсас соғыс жылдарына тұспа-тұс келген. Ол майданда хабар-ошарсыз кеткен әкесі туралы естеліктерімен бөлісті, әкесін қалай күткені, соғыстан кейінгі жылдары оның тағдыры туралы жайттарды білуге тырысқаны туралы айтып берді. Оның өмірбаяны өз уақытына тән келеді: әскери балалық шақ, соғыс жылдарынан кейінгі қиындықтар, өмір бойы атқарылған жанқиярлық еңбек.

Бүгінгі таңда Венера Хучатовна белсенді өмір сүруде – ол ардагерлер кеңесінде жұмыс істейді, саяжайға қамқорлық жасайды және айналасындағы жандармен жағымды қарым-қатынаста араласып тұрады. Венера Хучатовна өмірінде кездескен барлық қиындықтарға қарамастан, өзін бақытты адам деп санайды.