«Business community» жобасы аясында «Жеке тиімділік атты воркшоп өтті

8 желтоқсанда жастар шығармашылық орталығы «Business community» жобасы аясында «Жеке тиімділік. Өмірде нәтижеге жету технологиясы» атты воркшоп өтті.

Жастармен кездесуге кәсіпкер, бизнес-жаттықтырушы, IPACT халықаралық кәсіби жаттықтырушылар қауымдастығының мүшесі, Павлодар облысы Атамекен ҰКП жанындағы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының тәлімгері Жәмила Эрназарова шақырылды. Ол «жеке тиімділік» деген не, оған қалай жетуге болатындығы және жеке тиімділік табысқа қалай байланысты екендігі туралы айтты. Воркшопқа 60-қа жуық студенттер мен әртүрлі қызмет салаларының өкілдері қатысты.

Воркшоптың практикалық бөлімінде олар өз мақсаттарымен жұмыс жасап, өздерінің күшті және әлсіз жақтарын анықтай алды, сонымен қатар жеке тиімділікті арттырудың ең маңызды тәсілдерін анықтады.

Соңында кейбір қатысушылар өздерінің түсініктерімен бөлісті. Олардың айтуынша, воркшоп олар үшін өте пайдалы және өзекті болып шықты.